Кеден ісі – келелі іс

0

Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуы – жалпы экономикамыз үшін маңызды қадам. Қытай мен Ресей сияқты алып мемлекеттермен көршілес болу – тауар айналымын айтарлықтай кеңейтіп, әлемдік нарыққа шығуға мүмкіндік берді. Елдің геосаяси жағдайы бастапқыда Оңтүстік-Шығыс Азия мен Еуропаны біріктірген «Жібек жолына» кіруді көздеді. Осы жағдайлар елдің кеден органдары үшін және кеден шекарасы арқылы тауарларды импорттайтын және экспорттайтын қазақстандық бизнес үшін кадр құрамын елеулі даярлауды талап етеді.

Қазіргі уақытта еліміздің 25-тен астам жоғары оқу орны кеден қызметкерлерін даярлауға лицензиясы бар. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстанда алғаш рет «кеден ісі» мамандығы бойынша студенттерді қабылдауды жүзеге асырған. Алғашқылардың бірі болып FIBAA халықаралық аккредитациялық агенттігі арқылы аккредитациядан өтіп, халықаралық мойындауға ие болды. Қазіргі уақытта ДКҰ елдері арасында халықаралық аккредитациядан өту бойынша жұмыс жүргізу үстінде. Бұл ҚазҰУ-інің «Кеден ісі» мамандығы бойынша дипломдарының Дүниежүзілік кеден ұйымына қатысушы елдер арасында  мойындалуына алып келеді.
Қазіргі уақытта Ұлттық Университеті күндізгі және қашықтықтан оқыту нысандары бойынша студенттерді қабылдауды жүзеге асырады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бірегей авторлық курстар, жаңа әдіснаманы және оқу үрдісінде оқытудың жаңа инновациялық технологияларын қолдану, шетелдік ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарында ғылыми тағылымдаманы өту, білім беру бағдарламасы аясында жеке траекториясымен қатар, студенттерді Еуропалық Одақтың серіктес жоғары оқу орындарында оқыту мүмкіндігіне ие. Рига техникалық университетімен (инженерия және кеден ісі факультеті), ABO Academia (Финляндия), Мадрид автономды университетімен (Испания), сондай-ақ ЕАЭО және Кеден одағы елдерінің жоғары оқу орындарымен тығыз қарым-қатынас жасайды. Университет БОМКА бағдарламасы бойынша ұлттық үйлестіруші болып табылады (ЕО қаржыландыратын Орталық Азиядағы мемлекеттік шекараларды басқаруға жәрдемдесу жөніндегі халықаралық жоба).
Студенттер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер қызметінің ғылыми-зерттеу институттарынан, ҚР кеден органдарының аналитикалық және басқару орталықтарынан, ҚР кеден органдарынан іс- тәжіребиеден өтеді.
Кеден қызметкерлеріне қойылатын талаптар қандай? Кеден қызметкері экономика, салық салу, бухгалтерлік есеп, логистика, халықаралық және ұлттық құқық саласында кеңінен білімі болуы тиіс. Бұдан басқа, ол бірнеше тіл білуі (мысалы, ағылшын және қытай тілдері), жануарлар мен өсімдіктер әлемін түсінуі (тыйым салынған жануарлар мен өсімдіктерді әкету немесе әкелу), өнер объектілерін бағалауға қабілетті болуы керек. Олар бір көзқарастан адамды бағалап, террорист немесе контрабандист екенін анықтап көре алады. Бірақ бұл ретте кеден – мемлекеттің бет-беделі екенін ұмытпауымыз тиіс. Сауатты, сабырлы, лайықты мінез-құлық – жыл сайын саны артып келе жатқан сырттай бақылаушылардың (елдің қонақтары, туристер) алғашқы көзқарасынан бастап елді адекватты қабылдау мен бағалаудың кепілі.
Сонымен қатар, тіркеу және бақылау жұмыстарының білімдері мен дағдыларын меңгеруі, тергеу іс-шараларын жүргізуді, сондай-ақ көптеген сараптамаларды (биологиялық, химиялық, физикалық, медициналық және т.б.) талдай білуі, криминалистика саласындағы соңғы зерттеулер туралы хабардар болуы шарт. Бүгінгі таңда кеден қызметкері арнайы ақпараттық технологияларды білмей жұмыс істей алмайды. Кеден рәсімдерінің көпшілігі, оның ішінде тіркеу, тану, мониторинг, сканерлеу Қазақстанның шекаралары жабдықталған компьютерлік технологияларға көшірілген.
Дәл осы кеден қызметкерлері соңғы уақыттарда контрабандисттердің, есірткі тасымалдаушылардың, террористтердің және заңсыз мигранттардың көпшілік бөлігін анықтауда. Кеден ісі саласындағы мамандарға еліміздің мемлекеттік шекарасы арқылы тауарларды тасымалдауды жүзеге асыратын коммерциялық құрылымдар, логистикалық компаниялар үлкен қызығушылық танытуда.
Бүкіл әлем кеден органдарының қызметкерлерін арнайы даярлау қажеттілігін мойындайды. Бүгінгі кеден – бұл ең алдымен ұлттық қауіпсіздік бағыттарының бірі. Тиісінше, кеден қызметкерлерін даярлау – бұл ұлттық мүдделерді қорғауда тұрған мемлекеттік қызметшілерді даярлау.

Әл-Фараби  атындағы ҚазҰУ-нің кеден, қаржы
және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі
з.ғ.д., профессор Жатканбаева А.Е.,
з.ғ.к., Джангабулова А.К.

Дереккөз: Айқын