“Kcell” АҚ интернет желісіне қол жеткізуге байланысты туындаған мәселе бойынша түсініктеме берді

0

«Кселл» АҚ интернет желісіне қол жеткізу проблемаларына қатысты сұрау салған БАҚ-қа жауап берді. Компания бүгін таңертең компанияның желісінде жекелеген абоненттердің қол жеткізу жылдамдығының төмендеуі байқалғанын хабарлайды.

Мұның себебі пайда болған техникалық қателіктерге байланысты жабдықтың дұрыс жұмыс істемеуі болды. Компания мамандары шұғыл қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, соның ішінде телекоммуникациялық жабдық өндірушісінің сарапшыларын тартып, бірлесе отырып қате түзетілді.

Қазіргі уақытта барлық қызметтер штаттық режимде жұмыс істейді, қол жеткізу жылдамдығы толығымен қалпына келтірілді.
Компания абоненттерден уақытша қолайсыздықтар үшін шын жүректен кешірім сұрайды. Осы мәселеге байланысты барлық пайдаланушыларға бонустар берілетінін де жеткізді.

фото: tribune.kz