Казинода қыруар қаржы құртқан шенеуніктер ескертумен құтылып кетті

0

305 шенеуніктің казинода 507 миллион теңге шығынға ұшырауына қатысты Алматы облысының прокуратурасы жүргізген тексеру нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазан айында БАҚ-та 305 қазақстандық шенеуніктің казиноға 507 млн теңге жұмсағаны туралы ақпарат жарияланған. ҚМА Адам ресурстары департаментінің директоры Нұрлан Әдалиевтің сөзінше, агенттігінің екі қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Шенеуніктердің құмар ойынға әуестену дерегі бойынша прокурорлар барлық мемлекеттік органдарда тергеу жүргізген.

«Егер біздің агенттікке ерекше тоқталатын болсақ, бұл тексерістің қорытындысы бойынша біздің бірқатар қызметкерлер анықталды. Барлық фактілер бойынша қызметтік тексерулер жүргізілді. Төрт қызметкер қызметтік тапсырмаларға байланысты казинода болған, ал екі адамға қатысты екі қызметкер бойынша фактілер расталды, аталған қызметкерлер қызметтік талаптарды толық орындамағаны туралы ескерту түріндегі қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды», — деді Нұрлан Әдалиев.

Нұрлан Әдалиевтің айтуынша, қалған қызметкерлер тексеріске дейін қаржы мониторингі агенттігінен жұмыстан шығып кеткен.