КАЗГЮУ мен Оксфорд университеті ислам құқығы саласында ынтымақтастық орнатуға келісті

0

КАЗГЮУ Университетінің Ислам құқығы орталығы мен Оксфорд Университетінің Ислам зерттеулері орталығы өзара ынтымақтастық туралы келісті. Қазақстандық зерттеушілер үшін Орталық Азияға қатысты қолжазбаларға қол жеткізуге мүмкіндік туады.

2 ақпанда М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетің Басқарма Төрағасы Талғат Нәрікбаев, Университет провосты Сергей Пен және КАЗГЮУ Ислам құқығы орталығының басшысы Асқар Сабдин Оксфорд Университетінің Ислам зерттеулері орталығына (OXCIS) барды.

OXCIS директоры Др Фархан Ахмад Низамимен кездесу нәтижесінде Университеттің ғылыми қызметкерлері үшін өзара мақұлданған Жол картасы негізінде зерттеулер жүргізу бойынша келісім алынды. Бұған қоса Оксфорд Университетінің Ислам зерттеулері орталығының профессорлары мен қызметкерлері КАЗГЮУ Университетінің ғылыми шараларына қатысатын болады.

Оксфорд Университетінің Ислам зерттеулері орталығы Исламды, Ислам әлемін және Ислам өркениетін ғылыми тұрғыдан зерттеуді ынталандыру үшін 1985 жылы құрылған. Орталықтың негізгі қамқоршысы Король Чарльз III болса, Қамқоршылар Кеңесінің құрамына Оксфорд Университетінің өкілдерімен бірге бүкіл әлемнің көрнекті ғалымдары мен мемлекет қайраткерлері кіреді.

Бұл ынтымақтастық Қазақ құқығының негізі ретіндегі Ислам құқығы теориясы мен тәжірибесін терең зерттеу үшін Орталықтың сирек кездесетін ғылыми жазбаларына қолжетімділікті кеңейтуге мүмкіндік береді.

КАЗГЮУ Университетінің Ислам құқығы орталығы 2022 жылы құрылған.

Қосымша сұрақтар мен кері байланыс: +7 (747) 926-02-60 (Айдар), +7 (706) 107-01-76 (Гүлжанат). e-mail: PR@kazguu.kz