Kazakh Tourism ұлттық компаниясы ресейлік әзілкешке 21,9 млн теңгеге концерт ұйымдастырған ба?

0

Kazakh Tourism Ұлттық компаниясы Ақтауда «туризмді дамытуды» жалғастыруда. Бұл туралы Protenge.kz телеграм-арнасы жариялап, жазба қалдырды.

«Бұл жолы ТМД аумағында жас қазақстандық әзілкештердің, танымал стенд-ап әзілкештердің қатысуымен әзіл-сықақ іс-шарасын өткізу туралы шешім қабылданды. Әзіл — сықақ шоуын өткізуге 18,6 млн теңге, ал Rixos Aktau жалға алуға -3,3 млн теңге бөлінді. Журналистердің сұрағына министрлік қазан айында жауап бергенімен, бірақ қандай әзілкештердің келетінін нақтыламады.

Бір-екі күн бұрын Rixos Aktau-да ресейлік комедияшы Сергей Орлов пен қазақстандық стендаперлердің концерті өткенін білдік. Kazakh Tourism Ұлттық компаниясының Instagram әлеуметтік парақшасында афишасын жариялады.

Kazakh Tourism және мәдениет министрлігінің үшін 20 млн теңгеден астам ақша төлеген бе? Егер бұл рас болса, қазір ұлттық компания ресейлік жұлдыздарға мемлекеттің қаржысынан концерттер ұйымдастырып жатыр ма?

Ақтау тұрғындарына сауал: концерт қалай өтті? Әзілдер осы 20 миллион бюджеттік теңгеге тұра ма?» — деп жазды Protenge телеграм-арнасы.

Фото: qaztourizm.kz, kazakhtourism_official


Тегтер:#KazakhTourism