Катарда ауыр атлетикадан Нижат Рахимов қола алды

0

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің хабарлауынша, 73 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нижат Рахимов қоссайыс нәтижесінде 246 келіні көтеріп, жалпы есепте үшінші орын иеленді. Сондай – ақ, Нижат жұлқа көтеруде күміс, серпе көтеруде қола медаль жеңіп алды.

81 келіге дейінгі салмақтағы Айдар Қазов қоссайыста 330 келіні көтеріп, қолаға қол созым жерден тоқтады. Айдардың серпе көтеруде қола медаль иеленгенін айта кету керек. Еске сала кетейік, кеше Игорь Сон күміс медаль тағынған болатын. Бүгін Карина Горичева мен Рүстем Сыбай бәсекені бастайды.