Каспийде броконьерлер ұсталды — Оқиға|29 Желтоқсан 2018, 18:16

0
29 Желтоқсан 2018, 18:16 361 0

Астана, BAQ.KZ. Қазақстандық шекарашылар Каспий теңізі акваториясындағы жауынгерлік қызметі барысында қару қолдана отырып, браконерлерді құрықтады, — деп жазады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасының аумақтық суларында ҚР ҰҚК ШҚ Жағалау күзеті басқармасының шекара кораблінің жауынгерлік кезекшілікті барысында, 23 сағат 45 минутта «Байда» типіндегі шағын қайық анықталып, ізіне түсу жұмыстары басталды.

Шағын қайықты тоқтату мақсатында Қазақстан Республикасының «ҚР Мемлекеттік шекарасы туралы» Заңына сәйкес ату қаруы қолданылды.

Қару қолдану кезінде бұзушылардың біреуі оң жақ иығынан жанама жарақат алып, оған медициналық көмек көрсетілді. 2018 жылғы 29 желтоқсанда 00 сағат 10 минутта шағын қайық ұсталды. Қайықта 4 адам. Әзірбайжан Республикасының азаматтарының сөзіне қарағанда 40 дана асыл тұқымды балығы, 10 жәшік броконьерлік балық аулау және спутниктік байланыс құралдары мен навигациялар қолға түсірілді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ