Каспий теңізінде жер сілкінісі болды

Ақтау мен Жаңаөзенде дүмпулер сезілген.
Каспий теңізінде Астана уақыты бойынша түнгі сағат бір шамасында жер сілкінісі болды.
Сейсмологтардың айтуынша, жер сілкінісі магнитудасы 5,4 балды құраған. Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, Баку тұрғындары бұл түнді ғимараттардың құлауынан қауіптеніп, көшеде өткізген. Бірақ әзірге оның салдары туралы ақпарат жоқ.
Қазақстанның оңтүстік-батысында Ақтау мен Жаңаөзенде де дүмпулер сезілді. Әлеуметтік желілерде адамдар өткен түн туралы әсерлерімен бөліседі. Көбісі түнде кереуеттің дірілінен, басқалары люстралар, ыдыс-аяқтардың сылдырынан оянғанын айтады.
фото: omore.city