Каспий теңізін қорғауға шақыру: Дабыл қағатын уақыт жетті

0

Астанада «Жаңа Адамдар» қозғалысы Каспиймен байланысы бар елшіліктері алдында 4 метрлік арт-нысандар орнатты деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

26 қыркүйек – Халықаралық теңіз күні. Бұл мереке теңіз экологиясына немқұрайлы қараудың салдарынан туындаған мәселелерді еске салады.

Өздеріңіз білетіндей, Каспий теңізі – Қазақстанның басты табиғи байлықтарының бірі, бірақ оны жоғалту қаупі бар. Кен өндіру мен ластану нәтижесінде балық және жануарлар түрлері жойылып бара жатыр. Каспий итбалықтарының саны бүгінде 60 мыңнан аспайды, ал жыл сайын теңізге 200 мың тонна мұнай мен 100 миллион текше метр тазартылмаған ағынды су құйылады.

Бұл мәселе тек Қазақстанға ғана емес, Каспийге жағалауы бар барлық елдерге қатысты.

Астанадағы нысандарға «дабыл» қағатын белгілер бекітілді, оларды қала тұрғындары қағып, науқанға белсене қатысты.

«Жаңа Адамдар» мүшелері Әзербайжан, Иран, Түрікменстан, Ресей және Қазақстан тұрғындарын күш-жігерді біріктіруге шақырады.