«Каспий»–»Қайрат» матчынан кейінгі төбелестің видеосы жарияланды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Қос команда арасындағы матч 10 сәуір күні футболдан Қазақстан кубогы аясында өтті

НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір — Sputnik. Ақтауда «Каспий» – «Қайрат» матчы аяқтала салысымен қос команданың жанкүйерлері арасында жанжал шықты.

Lada.kz порталының мәліметінше, алматылық фанаттар ортақ фотоға түскісі келген. Жергілікті жанкүйерлер оған кедергі жасаған. Содан төбелес шыққан. Тәртіп сақшылар дер кезінде араласып, жағдайды реттеді.

 Естеріңізге сала кетейік, «Каспий» мен «Қайрат» арасындағы матч 10 сәуір күні футболдан Қазақстан кубогы аясында өтті. Матчтан кейінгі пенальтиде алматылықтардың жолы болды. Кездесуде 5:6 есебімен «Қайрат» жеңіске жетті.



sputniknews.kz