Kaspi.kz әуе билетіне арналған жаңа қызмет түрін қосты

0

Kaspi.kz әуе билетін іздеу және сатып алуға арналған Kaspi Travel жаңа онлайн қызметін іске қосты. Бұл туралы 7kun.kz сайты жазды.

Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе бұл туралы былай деді:

«Kaspi Travel – Kaspi.kz-тің жаңа қызметі, оның көмегімен сүйікті клиенттеріміз әуе билеттерін жеңіл және қарапайым түрде әуе компанияларының бағасымен сатып алады. Қазіргі кезде жолсапарлардың негізгі бөлігін Қазақстанның ішкі рейстері құрайды. Біз пандемия жақында аяқталып, бәріміз қалыпты өмірге ораламыз және жолсапарларға қалағанымызша шығамыз деп үміттенеміз. Біз өз тарапымыздан Kaspi Travel-дің мүмкіндігін тұрақты түрде ұлғайтып, сүйікті клиенттерімізді жолсапар мен саяхаттың айналасындағы жаңа, ыңғайлы қызметтермен қуантуға уәде береміз!».

Қазірдің өзінде Kaspi Travel-ге Қазақстан мен әлем бойынша рейстерге тиімді шарттар ұсынатын 700-ден астам әуе компаниясы топтасқан. Әуе билеттерін кредитке сатып алуға, Kaspi Gold пен Kaspi Бонус арқылы және толық немесе бөліп төлеуге болады.

Биылғы жылдың жазында
Kaspi.kz – әуе билеттерін іздеу, брондау мен сатып алуға арналған қазақстандық жетекші онлайн платформа Santufei компаниясын сатып алды.

Бұл туралы Михаил Ломтадзе былай деп атап өтті:

«Биылғы жазда бізге Santufei-дің тамаша командасы қосылды. Біздің бірлескен команданың бірге жүзеге асырған жұмыстары Kaspi Travel-ді қысқа уақытта іске қосып, 8.5 миллион клиенттің әрқайсысына Kaspi.kz суперқосымшасында әуе билеттерін сатып алуға  мүмкіндік берді. Жаңа ерекше қызметтің іске қосылуына үлес қосқан жандардың әрқайсына алғыс айтамын!».


Тегтер:Kaspi Travel