Кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин жаңа қызметке тағайындалды
Кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин жаңа қызметке тағайындалды.
Қазақстандық спортшы Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитетінің басшысы болып сайланды.
Бүгін, 26 ақпан күні Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің кезектен тыс Бас Ассамблеясы өткен болатын. Жиын барысында ҰОК басқарушысы болып Геннадий Головкин таңдалды.
Федерациялар ҰОК президенті лауазымына Геннадий Геннадиевич Головкиннің кандидатурасын ұсынды, — делінген комитеттің ҰОК Бас Ассамблеясының мүшелеріне жолдаған ресми хатында.
Еске сала кетейік, аталмыш қызметті 2015 жылдан бері Тимур Құлыбаев атқарған еді.
фото: Tengrinews.kz/Турар Казангапов