Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңесте жер мәселесі талқыланды 

0

Фото: Автор

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл кеңесінің 36-отырысы өтті.

«Атамекен» кәсіпкерлер кеңесінің Астана қаласының филялында өзекті мәселелер талқыланды.

Бүгінгі талқыға түскен мәселелердің ең біріншісі — жер мәселесі. Елбасы жалпы жер мәселесінде воритаизімнің болмауын және кәсіпкерлерге қысым жасалмауын қадағалап, айтып жүр.

«Бірақ, өкінішке қарай практикада алған жерді игеріп, оны дамытуға мүмкіндік берілмей жатады. Бұған жергілікті әкімдердің де кінәсі бар. Сіздерге өте қарапайым мысал келтірейін. Кәсіпкер мемлекеттен жер алған, сол жерге бизнес план бойынша жанармай бекеті салыну жоспарланылған. Жерде инженерлік коммуникация тоқталмай жүру қажет, сол коммуникацияны орнату үшін де біраз уақыт керек» — дейді экс-депутат, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кеңес мүшесі Зейнулла Алшымбаев.

Бірақ, қаладағы архитектура сәулет басқармасы келіп тезірек игер деп, игерілмесе босатуын сұраған. Уақыт бермей, сотқа жіберген.

«Сот формальді түрде қарап, мемлекетке керек деген желеумен тартып алады. Бұл дұрыс емес. Менің Америкадағы практикамда азамат жер алса, ол сол жердің иесі болып табылады. Қазақстанда да солай болғанын қалаймын. Қалаға зияны болмаса, заң аясында жұмыс істесе оған қолсұқпау керек деп есептеймін. Өкінішке орай бізде берілген жер, әртүрлі қаулымен тартып алынады. Ал екінші салық мәселесі. Астанада әртүрлі әлеуметтік объектілер бар, соларды салықтан босату мәселесін қарадық. Біздің заңда қарама қайшы мәселелер бар осы салық жөнінде Парламентке үкімет арқылы өзіміздің шешкен ортақ ұсынысымызды жібердік», — дейді Зейнулла Алшымбаев.

Фото: Автор














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ