Кәсіпкерден 50 млн теңге бопсалады деген күдікке ілінген блогер ұсталды
Антикор Азамат Әбиевті аса ірі мөлшерде кәсіпкерден ақша бопсалады деген күдікпен, БАҚ-та арам ақпарат тарату және өзінің Youtube-каналында шындыққа сәйкес келмейтін бейнежазбаларды алып тастағаны үшін қамауға алынды, — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
«14 желтоқсанда Әбиев 50 миллион теңге алғаннан кейін ұсталып, соттың санкциясымен 2 ай мерзімге қамауға алынды»
Бұдан басқа, Әбиев мемлекеттік органдар қызметкерлері мен азаматтарды адастыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Департаменті» ЖШС жеке заңды тұлғасын тіркегені анықталды.
Аталған ұйымның басшысы болып көрініп, сол арқылы билік өкілінің бейнесін жасай отырып, Әбиев кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарынан өзінің жеке мүддесі үшін іс-әрекеттер жасауды, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіпті бұза отырып, ақпарат пен материалдар беруді талап еткен.
Алайда, Әбиевтің қызметі құқық қорғау органдарының жұмысымен ешқандай байланысы жоқ.
«Абиевтің басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар екендігі туралы ақпарат тексерілуде», — делінген хабарламада.