кәсіпкер тұрмысы нашар отбасыға пәтер сыйлағысы келеді

0

Қазақстандық кәсіпкер өзге бизнесмендерді мұқтаж жандарға көмектесуге шақырды

АСТАНА, 6 ақпан — Sputnik. Қазақстандық кәсіпкер тұрмысы нашар отбасыға бір бөлмелі пәтер сыйлағысы келеді. Астанадағы бес баланың қазасына қынжылған ер адам өзге бизнесмендерді мұқтаж жандарға көмектесуге шақырды.

«Жұрт айыптыны іздеп, мемлекетті кінәлап жатыр, бірақ бәрі кеш емес пе? Қазақстанда басында баспанасы жоқ, тұрмысы нашар көпбалалы отбасылар аз емес. Мен өз атымнан бизнестен тапқан табысымның мүмкіндігіне қарай мұқтаж отбасыға бір бөлмелі пәтер алып бергім келеді», — деді қаржы компаниясының бас директоры Жандар Садықов.

Садықовтың айтуынша, пәтерді биыл наурыз айының соңына қарай сатып алуға мүмкіндік болады.

Астанада бес баланың қазасынан пайда тапқысы келетін алаяқтар шықты

Астанада Көктал-1 тұрғын үй алабында орналасқан «времянкадағы» өрт кезінде бес бала қаза тапты. 4 ақпан күні түнде қыздар үйде жалғыз қалыпты – ата-анасы жұмыста болған. Отбасы елордада он жылдан бері тұрып жатыр екен. Тұрмысы нашар тұрғындар қатарына да, баспана алу кезегіне де тіркелмеген, алайда көпбалалы отбасы ретінде жәрдемақы алып жүріпті.

Бес қыздың өлімі: үй иесі қанша жылға сотталуы мүмкін?


Дереккөз: https://sputniknews.kz/