Кәсіпкер Айдын Рахымбаев LRT-ні BI Group есебінен демонтаждауды ұсынды
Белгілі кәсіпкер Айдын Рахымбаев президенттің LRT құрылысын тоқтатуға қатысты сөзі ұнағанын айтты, деп хабарлайды kznews.kz сайты
«Мемлекет басшысы шығарған мына шешімдер ұнады:
— 10 күн ішінде ҰҚШҰ-ның барлық әскери қызметкерлерін елден шығару;
— Әскери күшті нығайту;
— Елдегі білім деңгейін арттыру;
— Қалдықтарды жинау мәселесін шешу;
— Шағын және орта бизнесті дамыту;
— Жаңа реформалар дайындау және қабылдау;
— LRT құрылысын тоқтату! (BI есебінен демонтажды бастауға дайын!)» — деп жазды ол Facebook желісіндегі парақшасында.