Кәсіби ұшқыштар балаларға әуе кемелері туралы тәжірибе сағатын өткізді

0

Отансүйгіштікті, жауынгерлік рухты тәрбиелеу мақсатында мектепте арнайы жауынгерлік еңбек даңқы музейі де жасақталған. Жуырда осы музейге әскери әуе күштері бөлімінің  идеология және арнайы насихат бойынша аға офицері  Дархан Құсайынов МИ-26 тікұшақ-тренажерін әкелген-ді.

Балалардың таңданысын, қызығушылығын туғызған тікұшақпен танысу үшін арнайы сағат ұйымдастырылып, мектепке келген әскери ұшқыштар Аслан Рахымбаев және Мағжан Ержанов әскери техникалар, ұшақтар мен тікұшақтар туралы, әуеде оқыс қимылдарға дайындық,  ұшқыш болу үшін қандай ерік-жігер, талаптардың қажет екендігі жайында өз тәжірибелерімен бөлісті.  Мектеп директоры Аида Хасенова осындай ерекше сабақ ұйымдастыруға ықпал еткен Әуе қорғаныс күштері авиабазасының командирі Нұрлан Байдуллаев пен Дархан Құсайыновқа балалардың атынан зор алғыс білдіріп, мектептерде әскери сабақтардың жиі өтуі балалардың бойында отансүйгіштікті дарытуға,  ерік-жігерді шыңдауға,  ержүрек пен батылдыққа тәрбиелеуге мүмкіндік беретіндігімен қатар өмірде кездесетін қиындықтарға мойымау, жауапкершілікті болуға шақырады деп атап өтті.

Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

Дереккөз: http://egemen.kz/