«Кәрістің актерларынан асып түседі екен»: фанаттар Димаштың інісіне тілектерін жаудырып жатыр

0

Мансұр Құдайберген бүгін 18 жасқа толып отыр

Қанат және Света Айтбаевтар кенже ұлдары Мансұрдың туған күніне орай ақжарма тілектерін жазып, оның суретін әлеуметтік желідегі жеке парақшаларына жариялаған. Димаштың фанаттары мен музыкант Мансұрдың өнерін сүйетін қауым әлемнің түпкір-түпкірінен тілектерін жаудырып жатыр, деп жазады Kznews.kz

«Бақытты, ұзақ ғұмырлы бол, ұлым! Өмірің нұрлы, арманың асқақ, мақсатың айқын, жолың даңғыл болсын! Туған күніңмен, құлыным!», — деп жазған Мансұрдың әкесі Қанат Айтбаев.

Ал, Света Айтбаева болса, ұлының сүйкімді суреттерін жариялап, баласына тек қана бақыт тілеген.

«Азамат болдың , балапаным! Жасың құтты болсын! Ғұмырлы бол! Өз ісіңнің шебері бол! Барлық арман-мақсаттарың орындалсын!», — дейді анасы.

Осы ретте айта кететін жайт, әкесінің facebook әлеуметтік желісіндегі құттықтауы мен анасының instagram-дағы постарына Димаш Құдайбергеннің фанаттары мен Мансұрдың өнерін сүйетін қауым сансыз пікір қалдырған.

Бірі Мансұрға ағасының жолын тілесе, екіншісі амандық пен денсаулық, тағы бірі – жарқын болашақ тілеген. Көпшілік қауым таланттарды дүниеге әкелген анасы мен әкесіне де зор алғыс білдіріп жатыр. Тілек білдірген адамдардың арасында Америка, Мексика, Корея, Қытай, Украина елдерінің тұрғындары бар.

Айта кетейік, әнші Қанат және Света Айтбаевтардың үш баласы бар. Үлкен ұлдары Димаш Құдайберген әлемге аты әйгілі әнші, Қазақстанның ең жас Халық әртісі.