Кәрістер ит етін жеуді күрт азайтты

0
Кәрістер ит етін жеуді күрт азайтты


Оңтүстік Корея тұрғындары иттің етін жеуден бас тарта бастады.

Бұдан тыс, билік жуырда иттерді қорғайтын заң қабылдамақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ондаған жылдар бойы Оңтүстік Корея иттің етінен тамақ әзірлеу салтына байланысты сынға ұшырап келді. Жануарлардың құқықтарын қорғау жөніндегі халықаралық топтар иттерді шетелге, АҚШ-қа, Ұлыбританияға, Канадаға жіберу арқылы олардың жанын сақтап қалып жүрді.

Humane Society International (HSI) ұйымының деректеріне сенсек, 2015 жылдан бері елдегі 13 фермадан 1600 ит құтқарылған. Соңғы жылдары Оңтүстік Кореяда иттің етін жейтіндер саны азая бастаған. 2005-2014 жылдар аралығында Сеулде иттің етінен тамақ әзірлейтін мейрамханалардың саны 40% қысқарған. Оның басты себебі — сұраныстың азаюы. Қараша айында Сеулдің жанында орналасқан Соннам қаласындағы ең ірі қасапхана жабылды. Онда жыл сайын мыңдаған ит бауыздалатын.

Дереккөз: ҚазАқпарат