«Кәрімов Назарбаевтың талантын қызғанды»: АҚШ-тың бұрынғы елшісі Қазақстан мен Өзбекстанның экс-президенттері туралы естелігін айтты
Eurasianet басылымы 2011-2014 жылдары Өзбекстандағы АҚШ елшісі қызметін атқарған Джордж Кролдың Қазақстан мен Өзбекстанның тұңғыш президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Ислам Каримов туралы жазған естеліктерін жариялады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Естелік Гарвард университетінің Дэвис атындағы Ресей және Еуразиялық зерттеулер орталығының тапсырысы бойынша жазылған.
Джордж Кролдың айтуынша, Назарбаев пен Каримов мүлде екі бөлек адам болған.
“Назарбаев пен оның үкіметі Кәрімовке қарағанда мүлде басқаша ойланып, басқаша әрекет етті. Қазақтың байлығы болды және оны биік мақсаттарына жету үшін жомарттықпен жұмсады. Сонымен бірге олар сенімді серіктес ретінде әрекет етуге тырысты. Қазақ қоғамы өзбек қоғамынан әлдеқайда қатал болды. Қазақстандықтардың басым бөлігі биліктен қорықпады. Дегенмен президентті, Қазақстанның саясатын және саяси жүйесін тым ашық сынаудың салдарынан, кейбірі үшін айыптаулар, қуғын-сүргін ойдан шығарылып, түрмеге қамалды”, – деп жазылған естелікте.
Кролдың сөзінше, Назарбаев Кәрімов сияқты микроменеджер болған жоқ.
“Ол қол астындағыларға бұйрық бере алды. Сондай-ақ саяси мақсатқа жету үшін министрлерге біршама еркін әрекет етуге өкілеттік берді. Назарбаев әзілдегенді ұнататын және әлемдік көшбасшылармен жеке қарым-қатынас орната алды. Ал Кәрімов оның осы талантын қызғанып, оны қатты жек көрді. Назарбаев Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Американың әрбір президентімен кездескенін айтып, мақтанып отыратын”, – деді экс-елші.