Кәрім Мәсімовтың інісі Нұрлан Мәсімов шекарадан жалған құжат арқылы өтпек болған кезде ұсталды

0
367

Нұрлан Мәсімов шекарадан жалған құжат арқылы өтпек болған кезде ұсталды.

Еске сала кетейік, Павлодар облысы полиция департаментінің экс-бастығы аса ауыр коррупциялық қылмыс жасағаны үшін іздестірілді.

Кәрім Мәсімовтің немере інісі, 48 жастағы Нұрлан Мәсімов Павлодар облысы полиция басқармасының басшысы қызметінен қаңтар ортасында босатылған еді. Ол мекемені 2019 жылдың қарашасынан басқарып келген.

Кәрім Мәсімовтің өзі «Билікті басып алу» және «мемлекетке опасыздық жасау» баптары бойынша күдікке ілініп, тергеу изоляторында отыр.