Кәрім Мәсімовтің Америкадағы кәсібі жайлы не білеміз?

0

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің қайын жұрты Америкадағы кәсібін табысты жүргізіп жатыр.

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, Мәсімовтың жұбайы Дилярамның бауыры Ділшат Машуров Аризона штатында. Ол сонда денсаулық сақтау мен туризм салаларында қызмет көрсететін компанияның құрылтайшысы болып қызмет етеді. Компанияға Мәсімовтың енесі Дурнәм Машурова мен оның балдызының жұбайы Наргиза басшылық етеді.

Айта кетсек, Кәрім Мәсімов Қанды қаңтардан кейін мемлекетке опасыздық жасап, билікті күшпен тартып алуға тырысып, лауазымдық міндеттерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген. Ол қазіргі таңда тергеу изоляторында.

Сондай-ақ, Наргиза Ашурова Техастағы Eusorone Tehnologies мұнай-химия логистикалық компаниясының негізін қалаушы болып келеді. Оның серіктестері – екі американдық кәсіпкер. Оған ірі ас дайындау және жеткізуге мамандандырылған калифорниялық TEMUJIN FOODS компаниясы рәсімделген.

Наргизаның ағасы Назым Палташев Делавер штатында тіркелген Altai Capital инвестициялық консалтингтік компаниясына иелік етеді. Оның әкесі Тимур Палташев Сан-Францискодағы Қазақстанның бас консулдығы жанындағы консультативтік кеңестің мүшесі, сонымен қатар американдық AMD корпорациясында жұмыс істейді. Оның атында GATCHINA NANOELECTRONICS компаниясы мен Калифорниядағы үй бар.