Кәрім Мәсімовті қамауға алу мерзімі аяқталды
ҰҚК-нің бұрынғы төрағасының қазіргі процессуалдық жағдайы белгісіз.
«Егер сот процесі болмаса, Мәсімов босатылуы керек еді», — деп жазады ҰҚК бұрынғы төрағасына қолдау көрсету тобы karimmassimov.com.com сайтында, деп хабарлайды kznews.kz сайты.
«Мәсімовтің әлі ҰҚК-нің тергеу изоляторында екені ғана белгілі. Оның құқықтық жағдайы туралы мәлімет жоқ. Қамау мерзімін ұзарту үшін сот болды ма, әлде ондай сот болмады ма? Бұдан халық бейхабар. Барлық ақпарат құпия», — делінген хабарламада.
Мәсімовке қандай айып тағылып отыр?
Мәсімов 6 қаңтарда мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен ұсталды. Бір аптадан кейін оның екі орынбасары Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожин ұсталды. Оларға билікті күштеп тартып алу және билікті асыра пайдаланды деген айыптар тағылып отыр.
27 қаңтарда мемлекетке опасыздық жасады және билікті күшпен басып алуға бағытталған әрекеттер жасады деген күдікпен Кәрім Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасары Әнуар Садықұловтың қамауға алынып, қылмыстық іс материалдары «өте құпия» санатына жатқызылды.