Кәрім Мәсімов қайғысына ортақтасқан қазақстандықтарға алғыс айтты

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Кәрім Мәсімовтің әкесі Қажымқан Мәсімов 8 сәуірде 80 жасқа қараған шағында өмірден озды

НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов әкесінің өлімінен кейін қолдау көрсетіп, қайғысына ортақтасқан қазақстандықтарға алғысын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Осы күндері біздің қайғымызды бөліскен баршаңызға алғысымызды білдіреміз. Мәсімовтер отбасы», — деп жазды ол твиттердегі парақшасында.

Сондай-ақ, ҰҚК төрағасы марқұм әкесі жазған «Аманат» атты кітабына сілтемемен де бөлісті. Қажымқан Мәсімов кітабында өзі және отбасы жайлы, өзі өмір сүрген кезеңнің оқиғалары туралы баяндайды, замандастары мен өмірден алған сабағы жайлы әңгімелейді. Кітап естелік жанрында жазылған.

Тағы оқыңыз: «Димашты әкелем деген»: Алматы әкімі Қажымқан Мәсімовтің соңғы жоспары туралы айтты

Еске сала кетсек, қоғам қайраткері, «Қазақстан ұлттық агроөнеркәсіп палатасының» президенті Қажымқан Мәсімов 8 сәуірде 80 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.

9 сәуір күні Алматы халқы Қажымқан Мәсімовті ақтық сапарға шығарып салды.



sputniknews.kz