Кәрім Көкірекбаев жаңа қызметке тағайындалды
Қысқа сілтеме алу
Бұған дейін Кәрім Көкірекбаев Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі болды
НҰР-СҰЛТАН, 28 тамыз – Sputnik. Кәрім Көкірекбаев «Қазселқорғау» мемлекеттік мекемесінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл ақпаратты ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
«Қазселқорғау» мемлекеттік мекемесі – ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетіне қарасты кәсіпорын.
Кәрім Көкірекбаев 2019 жылдың 26 тамызында президент жарлығымен Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі қызметінен босатылды.
Кәрім Көкірекбаев туралы не білеміз?
Кәрім Насбекұлы Көкірекбаев 1957 жылы 28 шілдеде Жамбыл облысы Шу ауданында туған.
Алматы теміржол көлігі институтын тәмамдады. Экономика ғылымдарының кандидаты, құрметті теміржолшы.
Еңбек жолын 1975 жылы Шу станциясы локомотив депосы машинисінің көмекшісі болып бастады.
Тағы оқыңыз: Тоқаев Нұрпейісов пен Сәпиевті жаңа қызметке тағайындады
Әр жылдары табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау вице-министрі, «Air Kazakhstan Tour» компаниясының бас директоры, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бас инженері, басқарушы директоры, вице-президенті, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.
2013 жылдың желтоқсанынан 2018 жылдың қаңтарына дейін Жамбыл облысының әкімі болды.
2018 жылдың ақпаны мен 2019 жылдың тамызы аралығында Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі қызметін атқарды.
Отбасы
Үйленген. Марлен, Мөлдір, Самал және Меруерт есімді төрт баласы бар.
sputniknews.kz