Карьердегі жарылыстан 10 адам қаза тапты

0

Үндістан Андхра-Прадеш штатында карьер жарылысы салдарынан 10 адам қаза тауып, бірнеше адам жараланды. Бұл туралы Хабар 24 айтты.

Ақпаратқа сәйкес, ішіне жарылғыш зат салу үшін гранитте тесік бұрғылау кезінде жарылыс болған.

Оқыс оқиғаға жарылғыш заттың көп салынуы себеп болды. Сондай-ақ карьердегі жұмыс ресми рұқсатсыз жүргізілген болуы мүмкін.