Кардиохирургия орталығы – Елбасының арқасында жүзеге асқан жоба

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Мемлекет басшысы Кардиохирургия орталығында көпсалалы кешеннің жұмысымен танысып, лабораториялар мен бөлімдерді аралап көрді

НҰР-СҰЛТАН, 20 ақпан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығына барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.


©
Официальный сайт Президента РК /

Тоқаев Кардиохирургия орталығының жұмысымен танысты

Мемлекет басшысы Кардиохирургия орталығында көпсалалы кешеннің жұмысымен танысып, лабораториялар мен бөлімдерді аралап көрді.

Оқи отырыңыз: Тоқаев мектепке барып, мұғалімдермен әңгімелесіп қайтты

«Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасы Юрий Пя президентке науқастарды емдеу және диагностика жасау процесіне инновация мен цифрлық технологияларды енгізу туралы егжей-тегжейлі айтты.


©
Официальный сайт Президента РК /

Кардиохирургия орталығының басшысы цифрлық технологияларды енгізу туралы егжей-тегжейлі айтты

«Шын мәнінде, бұл орталықты озық әрі бірегей медициналық мекеме деп айтсақ артық болмайды. Әлемде мұндай орталықтар көп емес. Бұл – Елбасының арқасында жүзеге асқан жоба», – деді президент мекеме қызметкерлерімен әңгімелесу кезінде.

Кездесу соңында мемлекет басшысы медицина қызметкерлерінің игілікті ісіне табыс тіледі.



sputniknews.kz