Каратэші Қайсар Алпысбай Азия ойындарының финалына шықты
Ханжчоуда өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық каратэші Қайсар Алпысбай финалға шықты, деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.
Қазақстандық каратэші 60 келіге дейінгі салмақта жартылай финалда индонезиялық Ари Сапутраны жеңіп кетті. Кездесу 12:3 есебімен отандасымыздың жеңісімен аяқталды. Осылайша, Қайсар Алпысбай финалға жолдама алып, алтын үшін таласатын болады.
Кеше, 5 қазанда қазақстандық каратэшілер ел қоржынын бір алтын мен бір күміспен толықтырды. 75 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрқанат Әжіқанов финалда Иордания өкілі Хасан Масарвехпен кездесті. Ақтық сында Нұрқанат қарсыласын 8:0 есебімен уақытынан бұрын жеңіп, Азия ойындарының жеңімпазы атанды. 68 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған каратэші жарыс қожайыны қытайлық спортшыдан 0:4 есебімен жеңіліп, күміс жүлдеге ие болды.