Каратэде жаттығу жасап жатып көз жұмған оқушы кәсіби спортпен 10 жыл айналысқан — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Қарағандыда 14 жастағы жасөспірім жаттығу кезінде көз жұмған қайғылы оқиға. Каратэден жаттығу жасап жатқан кезде соққы алған мектеп оқушысын дәрігерлер аман алып қала алмадық дейді. Бір ресми орган оны ауруханада көз жұмды десе, екіншісі жедел жәрдем келмей жатып, жазым болған деп ақпар беруде. Кімдікі рас, кімдікі өтірік? Кім не жасырып отыр?

Каратэде жаттығу жасап жатып көз жұмған оқушы кәсіби спортпен 10 жыл айналысқан

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлады, деп жазады Stan.kz.

Данилдің жаттыққан жері — көпқабатты үйдің жертөлесі. 8 наурызда кезекті жаттығуына келген ол, үйіне қайта оралмады. Залда өзін жайсыз сезініп, көп ұзамай көз жұмған. Әдетте есігі айқара ашық бұл жерге, бүгінде емін-еркін кіру мүмкін емес. Жаттығуға келгендер де қашан ішке енгізеді деп тұр. 

Жасөспірім жаттығуға Қарағандыдан 40 шақырым жердегі Дубовка ауылынан келіп жүріпті. Сондағы орта мектепте 8-сыныпта оқып жүрген екен. Болған жағдай туралы облыстық білім бөліміне жіберілген қызметтік хат қолымызға тиді. Онда көрсетілгендей, кеудесінен ауыр соққы алған.

 «2019 жылдың 8 наурызында Қарағанды қаласындағы Крылова көшесі, 11 мекен-жайында орналасқан тұрғын үйдің жертөлесінде каратэден жаттығу өткен. Онда Дубовка ауылының орта мектебінен екі оқушы қатысқан. Жаттығу кезінде 8-сынып оқушысы кеуде тұсынан соққы алып, ауруханаға жеткізілді. Сол жерде көз жұмды»,- делінген Абай аудандық білім бөлімі жолдаған қызметтік хатта. 

Бірақ облыстық Денсаулық сақтау басқармасының дерегі бұған қайшы. марқұм ауруханада емес, жедел жәрдем жеткенше, залда көз жұмған деп отыр.

 «Жедел жәрдем дәрігерлері келгенде бала қайтыс болып кеткен болатын. Бірақ оған қарамастан бүкіл реанимациялық көмек көрсетілді. Ешқандай нәтиже берген жоқ. Қасындағы адамдардың өтініші бойынша дәрігерлер оны облыстық кардиология-хирургиясына апарды. Ол жерде де бүкіл реанимациялық көмек көрсетті. Бірақ ол да өкінішке орай, ешқандай нәтиже бермеген жоқ»,- деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Қайғылы оқиғаның жай-жапсарын полицейлер тергеп жатыр. Жаттықтырушы да, жедел жәрдем қызметкерлерінің әрекеті де тексеріледі дейді.

Болған оқиғаның мән-жайын жан-жақты нақтылау мақсатында сотқа дейінгі тергеу басталды. Қорытындысы бойынша жаттықтырушы мен жедел жәрдем қызметкерлерінің іс-әрекетіне құқықтық баға берілетін болады»,- дейді Қарағанды облыстың полиция департаментінің баспасөз хатшысы Жанатай Сембеков. 

Оқыстан көз жұмған жасөпірімнің кәсіби спортпен айналысқанына 10 жыл болып қалыпты. Каратэден өткен қалалық, облыстық жарыстарда бірнеше мәрте топ жарған екен. Болашағынан үміт күттірген спортшының өліміне нақты не себеп болғаны жақын уақытта белгілі болмақ.

Айта кетсек, бұған дейін Қарағанды облысында 14 жасар бала каратэ жаттығуын жасап жатып көз жұмды деп хабарлаған болатынбыз.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz