Карантиннің зардабы: Балалар үйінің тәрбиеленушісі бір сағатта панасыз атанды – Қазақстан жаңалықтары

0

 

Қарағандыда балалар үйінің тәрбиеленушісі төртінші тәулік далада түнеп жүр.  24 жастағы Виктор Ахрамов автобус паркінде кондуктор болып жұмыс істеп, жатақханада тұрған. Алайда қоғамдық көлік жұмысын тоқтатқан соң, кондукторлар жұмыссыз, баспанасыз қалған. Бұл туралы 31- арнаның Информюро сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Адамдар пәтерлеріне кіріп болғанын күтіп, соңғы қабатқа шығып сонда жасырынып, ұйықтадым. «

Өткен дүйсенбіден бастап Қарағандыда қоғамдық көлік жүрмейтін болғандықтан кондуторлар жұмыссыз қалған. Автопарк жанындағы жатақханадан Викторға шығуды сұраған. Қалада ауа температурасы 0-ден төмен болғандықтан Виктордың подъезде түнегеннен басқа амалы жоқ. Жылыну үшін даладағы белтемірде жаттығу жасайды, тұмауратып та қалған.

8 жыл бұрын ол балалар үйінен түлеп шыққан. Колледж бітіріп, әскерге барып келген. Қазақ тілін жетік меңгерген, олипиадаларға қатысқан. Осы уақытқа дейін түрлі жұмыстарда: әкімдікте көше сыпырушы, кондкутор т.б. істеген.

«Достарымнан ақша сұрап, олардың үйінде қонуды сұрау енді маған ұят. Не істерімді білмеймін..»

Виктор тұрғын-үйге кезекте тұр. Алайда үйді қазір ешкімге беріп жатқан жоқ. Тұрғын-үй қатынастары бөліміне, Нұр Отанға да барған.

Бұрын ол адамдарды қоғамдық көлікте тегін жеткізіп, жәрдемдесетін. Алайда қазір Виктор өзі көмекке зәру.  Себіб карантин уақытында оны баспанасыздар үйіне де алмайды. 

«Әлеуметтік бейімделу орталығы медицианлық-әлеуметтік мекемеге жатады. Қарағанды облысының санитарлық дәрігерінің қаулысы бойынша мекеме карантинге жабылған. Орталықта 50 орын бар және қазіргі уақытта орталық толған», – дейді Қарағанды қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Бахытнұр Талипова.

Ал полиция егер үйсіз қалған адам келген жағдайда айықтырғыш немесе қабылдау бөлімдеріне жатқызылатынын хабарлаған. Алайда, кейін бәрібір панасыздың күні қайта далада сандалу болмақ. 

 

«Мен кез келген жұмысты істеуге дайынмын. Ақша тапсам болды. Жатақхана төлеуге 30 000 теңге керек», – дейді Виктор. 

Панасыз жігіттің құжаттары бар. 42 500 теңге жәрдемақыға да өтінім жіберген, бірақ әлі жауап келмеген көрінеді.

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз