Карантиннен кейін астанадағы Арбат қайта ашылды

0

Арбат сағат 12.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Барлық үстелдерге санитайзерлер қойылған

НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Астаналық Арбаттың жұмысы қайта жанданды. Бұл туралы Арбат авторы және үйлестірушісі Арай Ордабаева айтты.


©
Photo : Арай Ордабаева

Сатып алушылар, алдымен, санитайзерді қолданып, кейін бұйымдарды қолмен ұстайтын болады

«Бүгін шеберлер аз. Өйткені карантиннен кейін жұмысқа біртіндеп кірісетін боламыз. Сағат 12.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс істейміз. Үстелдерге санитайзерлер қойылды. Сатып алушылардан алдымен санитайзерді қолданып, кейін бұйымдарды қолмен ұстауға кеңес береміз», — деді Ордабаева.

Әлі бұқаралық шаралар өткізілмейді.

«Балаларды қорғау күніне әдетте ауқымды бағдарлама болатын. Алайда бүгін еш нәрсе ұйымдастырылмайды. Балаларға ауқымды шара жасау қазіргі уақытта қауіпті. 10 маусым күні Арбаттың құрылған күні. Сол күні қауіпсіздік шараларын сақтай отыра бағдарлама әзірлейміз деген жоспар бар», — деді ол.


©
Photo : Арай Ордабаева

10 маусым күні Арбаттың құрылған күніне орай қауіпсіздік шараларын сақтай отыра ауқымды бағдарлама әзірленеді

Астаналық Арбат 2017 жылдың 10 маусымында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі кезінде Есіл өзенінің бойында ашылған болатын.



sputniknews.kz