Карантинге жіберілген «Кешью» тобының директоры Scat-ты сотқа бермек — Қазақстан жаңалықтары

0

Токио-Нұр-Сұлтан рейсінен кейін екі апталық карантинге жіберілген жолаушылар сотқа талап-арыз дайындап жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Астана» арнасы сілтеме жасап.

Аталған бағытта елорда әуежайына «SCAT» әуе компаниясының ұшағында бұған дейін коронавирустың пайда болуына байланысты карантинге жабылған круиздік лайнерден шыққан төрт қазақстандық басқа жолаушылармен бірге ұшып келген.

Ұшақта болған 20-ға жуық жолаушы және экипаж мүшелері әуежайдан бірден карантинге жіберілген. Оларды Нұр-Сұлтаннан 7 км қашықтықтағы жұқпалы аурулар ауруханасына алып кеткен.

Карантинге жіберілгендердің арасында «Кеш You» музыкалық тобының директоры Назым Басқынбаева да бар. 

Оның айтуынша, ұшу кезінде қауіпсіздік ережелері бұзылған. 2 әйелді елшілік қызметкерлері алып жүрген. Олар басқа жолаушылармен бірге маскасыз отырған.

«Біз ұшақтан түсіп, автобусқа отырдық және терминалдың орнына қаланың сырт жағына кеттік.  Тек жұқпалы ауруханаға келгеннен кейін ғана ұшақтың бортында «Diamond Prinsecc» круиздік лайнерінің 4 жолаушысы болғанын хабарлады. Үрей болды, қорқыныш болды, ашу болды», — деді Назым Басқынбаева.

Ұшақты болған жолаушылардың көбі астанадан келесі рейстермен ұшып шығуды жоспарлаған. Бірақ барлығы істері мен сапарларын кейінге қалдырды. 

 «Кеш You» тобының директорының сөзінше, компанияның ережелерінде де, жолаушыларды тасымалдау ережелерінде де авиакомпания жолаушылардың қауіпсіздігі үшін жауап беретін ереже жоқ.

«Бұл өте жаман жағдай, және осы оқиғадан кейін бұл мәселе шешілетін болады деп үміттенемін», — деді ол.

Ал «SCAT» әуе компаниясында жолаушылар рейске тіркелгенге дейін қай жерде болғанын білмегендіктен, басқа клиенттерді алдын ала ескерту мүмкін болмағанын мәлімдеді.

«Билеттер еркін сатылымда, әуекомпания тек ұшу билетін алған жолаушының төлқұжаттық деректерін алады. Жолаушылардың рейске жіберілуін бақылау мәселелерін жауапты құрылымдар орындайды», — деді әуекомпаниясының баспасөз қызметі.

Азаматтық авиация комитеті авиатасымалдаушыны ұшудың алдында хабардар еткенін мәлімдеді. 

«Жапондық тарап жолаушыларды тексеруден өткеннен кейін карантиннен өткеннен кейін олардың қозғалысына рұқсат берді. Олар билеттерді жалпы тәртіппен сатып алды. Олар ҚР азаматтары, олардың тасымалдаудан бас тартуға құқығы жоқ» , — деді Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев. 

Денсаулық сақтау министрлігі Токио-Нұр-Сұлтан рейсінің барлық жолаушылары үшін карантин туралы шешімді мәжбүрлі қауіпсіздік шарасы деп атады. 

«Біз барлық жолаушыларды тексердік, Құдайға шүкір, коронавирус табылған жоқ. Ұшақта байланысқа түскендер болды, бұл түсінбеушілік, кешірім сұраймыз», — деді ведомство басшысы Елжан Біртанов.

stan.kz