Карантинге жабылған Нұр-Сұлтан әуежайына түнде бірнеше ұшақ қонды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

13 0 0

Жолаушылары жоқ ұшақтар гуманитарлық көмек тасымалдау мақсатымен Қытай астанасы Бейжіңге бағыт алған

НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір – Sputnik. Карантинге жабылған «Нұр-Сұлтан» әуежайына жанармай құю үшін түнде бірнеше ұшақ қонды. Олар Еуропадан Қытайға бағыт алған. Ішінде жолаушылар болмады, деп хабарлайды әуежайдың баспасөз қызметі.

«Кеше түнде үш Wizz Air (Мажарстанның бюджеттік әуе компаниясы – Sputnik) және бір LOT Polish Airlines (LOT поляк әуе компаниясы) рейсі астаналық әуежайға жанармай құю үшін қонды. Ұшақтар гуманитарлық көмек тасымалдау мақсатымен Қытай астанасы Бейжіңге бағыт алған. Ұшақта жолаушылар болған жоқ», – делінген хабарламада.

Ұшақтардың Еуропаға кері қайтуы да осы бағытпен жүзеге асырылады. Нұр-Сұлтан әуежайында ешқандай жүк түсірілмейді.

Айта кетейік, сәуірдің 1-і мен 13-і аралығында Нұр-Сұлтан және Алматы әуежайлары карантинге жабылды. Барлық халықаралық және эвакуациялық жолаушылар рейстерін қабылдау тоқтатылды.

Дегенмен, сыртқы істер министрлігінің сұрауы бойынша отандық әуе компанияларыны4 азаматтық ұшақтары ұшуға дайын.



sputniknews.kz