Карантиндегі Алматы: құс қанаты талатын биіктіктен түсірілген қала

0

Алматыда карантиннің екіншісі аптасы басталды. Вокзалдар, сауда орталықтары, адамдар көп жиналатын орындар жабылды

Карантиннің екінші аптасында коронавирусты жұқтырғандар санының өсуіне байланысты Алматы тұрғындары дәрігерлер кеңесіне мұқият құлақ асып, үйден шықпауға тырысып жатыр. Елдің ірі мегаполисі босап қалды.

Қаладағы сауда орталықтары, вокзалдар, саябақтар, қоғамдық тамақтану орындары жабық тұр. Адамдар шоғыры ірі дүкендер мен азық-түлік базарының жанында ғана байқалады. Қоғамдық көлік жүреді, алайда жолаушылар жоқ.

Қала тұрғындары бетперде тағып жүргендіктен, олардың эмоциясын байқау қиын, десек те адамдардың еңсесі түскен: өзіне және балаларына карантин кезінде айналысатын іс табу қиынға соғып жатқан секілді.

28 наурыздан бастап карантиндегі тәртіп қатаңдатылады: қалалықтар дүкенге, дәріханаға, жұмысқа бару үшін ғана үйден шыға алады. 



sputniknews.kz