карантиндегі Алматы көктемінің көрінісі – фото

0

Sputnik Қазақстан фототілшісі қаланың бос көшелерін аралап, тұрғындар қызығын көре алмай қалған көктемді фотоға түсірді

Алматылықтардың көпшілігі үйде отырған кезде, қалаға көктем келді. Көшелерде бөртегүл мен сакура гүлдеді.

Коронавирусқа қарамастан, табиғат әсемдігін жоғалтқан жоқ. Мегаполисте карантин режимі енгізілген соң тұмшалаған түтін азайып, көшелер тазарып қалды.

Оқшаулану кезеңінде қала әдемі әрі таза болып тұр. Ағаштарда жаңадан жапырақтар көктеп, сакура гүлдеп, қызғалдақ пен бөртегүл ашылды, ал өзендерде үйрек жүзіп жүр.

Қалада қазір адам аз. Арнайы рұқсатпен ғана жүруге болады. Алайда үйде отырудан шаршап, Алматы көктемін көруге шыққан бірен-саран адамды кездестіруге болады.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтан ғимараттарының қандай құпиясы бар — фото

Қазақстанда 11 мамырға дейін төтенше жағдай режимі сақталады. Алайда 20 сәуірден бастап Алматыда кейбір кәсіпорынға жұмыс істеуге рұқсат берілді. 28 сәуірде алматылықтарға саяжайға баруға, вирустан қорғану шараларын сақтап аулада серуендеуге рұқсат берілді.

30 сәуірдегі жағдай бойынша, Алматыда 988 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды. Елде барлығы 3 273 адам коронавирус жұқтырған.

 



sputniknews.kz