Карантин жарияланған Алматыға заңсыз кірмекші болған төрт азамат қамауға алынды — Қазақстан жаңалықтары

0

Төтенше жағдай кезінде бөгетпостты заңсыз бұзып өткепекші болған төрт азамат ұсталды,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеп.

«Түркістан қаласының тұрғыны, 1986 жылы туылған Р. Алматы аумағына Ақсай өзені арқылы өтуге тырысқан . Екінші азамат 1968 жылы туылған, Алматы облысының тұрғыны Б. осы тәсілмен өзен арқылы шекарадан кешіп өтпекші болған.

Алматы облысының үшінші тұрғыны Іле ауданының Покровка ауылында орналасқан № 22 блокпоста ұсталған. Төртіншісі, 2000 жылы туылған Қырғызстан азаматшасы екен», — деп хабарлады Қарасай аудандық полиция басқармасының бастығы Асхат Данияр.

Ұсталған азаматтарға қатысты ӘҚБтК-нің 476-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасалды. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен аталған тұлғаларды 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарылды.

Қырғызстан азаматшасы барлық жағдайлар анықталғанға дейін қабылдау-тарату орнына орналастырылды.

stan.kz