Карантин-style: Димаш Құдайберген сақал қойды

0

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген карантин кезінде өз тыңдармандарын мүлде жаңа кейпімен таңғалдырды

НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір – Sputnik. Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген коронавирусқа байланысты карантин кезінде қаншалықты «өзгергенін» көрсетті.  

Димаш Instagram-да жариялаған фотодан оның сақал өсіргенін байқауға болады.

«Карантин-стайл. Уайымдамаңыздар, бұл уақытша», — деп жазды әнші.

Димаштың жазбасына әріптестері пікір білдірді. Оның ішінде әнші Анита Цой да бар.

«О! Сақалды жігіт», — деп жазды ол.

«Өзгеріп кеткен»: Димашпен суретке түскен Иманғали Тасмағамбетовті жұрт танымай қалды

Нұржан Керменбаев Димаштың Майкл Джексонға ұқсап қалғанын атап өтті.

Сақалды флешмоб

27 наурызда америкалық актер Джим Керри жаңа челлендж бастады. Голливуд жұлдызы карантин аяқталғанша сақал өсіретінін айтты.

«Барлығымыз жұмысқа оралғанша сақал өсіремін. Суретімді желіге саламын. Мен әрқашан жұрттың назарында болдым. Енді жаңа бір нәрсе жасап көруге тырысамын. Маған қосылыңыз!», — деп жазды ол.



sputniknews.kz