Карантин салдарынан Қазақстан әуекомпаниялары қанша шығынға ұшырады

0

Экономика

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Елде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты Air Astana 30 сәуірге дейін жоспарлаған барлық рейсті тоқтатты

НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір – Sputnik. Жыл соңына дейін Air Astana ұлттық әуекомпаниясы 148 миллиард теңге, ал SCAT 85 миллиард теңгеге жуық қаржылай шығынға ұшырауы мүмкін, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Әуе көлігі кәсіпорындарының кірісі 2020 жылдың қаңтар-ақпан айында 55,3 миллиард теңгені құрады. Бұл қаржының 54 миллиард теңгеге жуығы жолаушылар тасымалы қызметінің үлесіне тиесілі» деп жазады Finprom сараптамалық агенттігі.

Оқи отырыңыз: Карантинге жабылған Нұр-Сұлтан әуежайына түнде бірнеше ұшақ қонды — видео

2019 жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда жылдық өсім 11,4%, жолаушылар тасымалымен салыстырғанда 11,7% құрады.

«Елдегі тұрақты халықаралық рейстердің тоқтатылып немесе қысқартылуына байланысты жыл соңына қарай Air Astana әуекомпаниясының шығыны 148 миллиард теңгеден, ал SCAT әуекомпаниясының шығыны 84 миллиард теңгеден асады», – деп мәлімдеді индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі.

Айта кетейік, Қазақстанда төтенше жағдай енгізілуіне байланысты Air Astana 15-30 сәуірге жоспарланған барлық рейсті тоқтатты. Рейсі тоқтатылған жолаушылар айыппұлдарды есептемей-ақ, билеттерді басқа күндерге қайта брондай алады.

Қазіргі кезде SCAT әуекомпаниясы Қазақстан бойынша және көрші елдерге гуманитарлық көмек тасымалдаумен ғана айналысады.



sputniknews.kz