«Карантин не істетпейді?»: Нұр-Сұлтанда мас азамат көліктің астына түспекші болып тұра жүгірді (видео) – Қазақстан жаңалықтары

0

Нұр-Сұлтанда ішімдікке тойып алған ер азамат көліктің астына түспекші болып, олардың қозғалысына кедергі келтірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

мас

Елорда тұрғынының бұл ерсі қылығы түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарап кетіпті. 

«Қазір Нүр-Сұлтанда адамдар сандырақтай бастады. Мына кісіге, тіпті, не болғанын білмейсің. Көліктерді тоқтатып жатыр. Заттарың жерге тастап, көліктердің астына түспекші болып жүр. Менің де жолымды кескен болатын. Өзімен сөйлестім. Міне, КамАЗ қағып кетті. Айтуынша, үйіндегілер қуып шығыпты, баратын жері жоқ», -дейді видео авторы. 

Оқиға 11 сәуір күні орын алған көрінеді. 

«11 сәуірде сағат 16:50-де 102 нөміріне әлдебір ер азаматтың мас күйінде жолда жатқаны туралы хабар келіп түсті. Әлгі ер азамат жолға жүгіріп шығып шығып, өзі барып көлікке соғылған. Оның 34 жастағы елорда тұрғыны екені анықталды. Қазір оның үстіне әкімшілік іс қозғалып, азаматпен профилактикалық әңгіме ұйымдастырылды», – деп мәлімдеді Нұр-Сұлтанның ПД өкілдері. 



stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз