«Карантин кезінде VIP-қонақтарды қабылдаған»: Алматыда монша кешенін тексеруге кірісті — Қазақстан жаңалықтары

0

Әлеуметтік желіде карантин кезінде жұмыс істеп тұрған монша кешенінің видеосы пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

монша

Полиция қазіргі уақытта аталған факті бойынша тексеріп жатыр.

Instagram желісіндегі бірнеше парақшада пайда болған видеодағы кадрлардан қымбат маркалы автокөліктердің монша кешеніне кіргенін көруге болады. Видео компьютер экранынан түсірілген.

«Төтенше жағдай режимінде Алматыда монша кешені жұмыс істеп, VIP-қонақтарды қабылдауды жалғастырды. Құзырлы органдардан осы тұлғаға қатысты шаралар қабылдауды сұраймыз», — деп жазды жазба авторы.

 

Полиция департаменті видеоға қатысты түсініктеме берді.

«Әуезов ауданының полиция басқармасы қазіргі уақытта кінәлі тұлғаларды анықтау және оларды жауапкершілікке тарту бойынша кешенді іс-шаралар жүргізіп жатыр. Егер кінәсі дәлелденсе, тәртіп бұзушыларды 476 — бап «Төтенше жағдай режимін бұзу» бойынша жауапкершілікке тартады», — деп түсіндірді ведомствода.



stan.kz