Карантин кезінде үйге тамаққа тапсырыс беру қаншалықты қауіпсіз – Қазақстан жаңалықтары

0
64

Карантин жарияланып, жұрт жаппай үйіне тоғытылса да, такси қызметі мен тамақ жеткізу сервисі әлі тоқтаған жоқ. Керісінше ас-суға сұраныс артып, жол жүру ақысы қымбаттаған. Бірақ, дәл қазіргідей кезде мейрамханада дайындалған тағамды жеп, жалдамалы көлікпен жүру қаншалықты қауіпсіз?

Бұл қызметтерле дезинфекция талаптары сақтала ма? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Карантин уақытында көп адам мен сияқты үйден тамақ жасап жүрсе, кейбірі тапсырыспен алдырады. Бірақ, ол қаншалықты қауіпсіз?Тамақ жеткізуші қауіпсіздік шараларын сақтай ма?»

Карантин кезінде дайын тамаққа, басқа да қажетті тауарларға тапсырыс беретіндер көбейген. Солардың бірі елордалық – Дана Ахаева. Алайда ол, заттары келгенде біразға дейін алаңдап жүретінін айтады. Өйткені, жеткізушілер карантин талаптарын қаншалықты сақтады деген сауал көңіл түпкірінде тұрады дейді. Олардың арасында қауіпсіздікке тіпті пысқырмайтындары да бар екен.

«Керек заттарды тапсырыспен алдырып жатырмыз. Мәселен, антисептик құралдары, баланың жөргектері, басқалар. Оның ішінде аптасына екі рет ыстық тамаққа тапсырыс береміз. Жеткізіп беруші курьерлер карантин талаптарын сақтамайды. Орта жастағы ер азамат келді. Бетінде не маскасы жоқ. Қолында не перчаткасы жоқ», – деді қала тұрғыны Дана Ахаева.

«Мұндайда қабылдап алудан басқа амал жоқ» дейді Дана. Бірақ, бірден өзі заттардың бәрін залалсыздандырып, 8 сағаттай изоляцияға қояды екен.

«Ал, кейбір тапсырысты жеткізушілердің қауіпсіздік талаптарын сақтамауы барып тұрған бассыздық» дейді «Карантин капитаны». Супер қаһарманның киімін киіп, жұртқа антисептик таратып, үйден шықпауға үндеп жүрген ол, әлеуметтік желі арқылы халыққа танылып үлгерді. Бірақ, бұл тірлігінен туыстары хабарсыз көрінеді. Біздің кейіпкер карантин біткенше коронавируспен күресуді тоқтатпаймын дейді.

«Мен, капитан карантин, осы коронавирусқа қатысты супергероймын. Сіздерден сұрарым, өтініш, мейлінше адам көп жүретін жермен жүрмей, үйлеріңізде отырып, қолдарыңызды жиі жуып, маска тағып жүрулеріңізді сұраймын. Себебі, біз әлі жауды жеңген жоқпыз. Ол жәй ғана әлсіреді. Сондықтан біз барлық талаптарды сақтап жүретін болсақ тезірек бұл дертпен қоштасамыз», – деді карантин капитаны.

Мамандардың да, «Карантин капитанының» да бұлай безек қағуы бекер емес. Өйткені, қанша карантин болса да кейде емхана мен ауруханаға, басқа да жерге баруға тура келеді. Алыс болса такси жалдауға мәжбүрсіз. Дәл қазіргі кезде бүл да қауіпсіз емес. Мәселен, осы аптада елордада жеке такси жүргізушісінен коронавирус анықталды. Осыдан кейін такси жүргізушілері де талаптарды қатаң сақтауға кірісіпті. Алты жылдық еңбек өтілі бар Мұхтархан Әшірбаевты кейбір адамдардың әлі алаңсыз жүргені алаңдатады екен.

«Күніне біз екі рет дезинфекция жасатамыз машиналарамызды. Егер қолдарында рұқсат қағаздары жоқ болса, біз оларды алмаймыз. Себебі, оны келесі отырған клиенттерге зияным тимеуі керек. Әрбір отырған клиенттерден соң мәшинеге антисептик сеуіп, келесі заказыма дейін дайындап отырамын», – деді такси жүргізушісі Мұхтархан Әшірбаев.

Ал, елордалық жүргізушілер қауымдастығының төрағасы қала тұрғындарын ресми тіркелген такси қызметін ғана пайдалануға шақырады.

«Нұр-Сұлтан қаласында жиырмадан астам такси компаниясы, 8 жеңіл көлігімен жұмыс істеп жатыр. Олардың барлығы әкімшілікпен шарт жасасып, қажетті құжаттарын тапсырып, әр такси көлігіне рұқсат қағаздары алынған. Әр такси көлігі күніне екі реттен дезинфекциядан өтеді. Біріншіден есіктің тұтқалары, салонның іші және де қолға байланысты нүктелері обработка жасалады», – деді «Астана көлік қауымдастығының төрағасы Медет Құрманов.

Мемлект басшысының пәрменімен, Төтенше жағдай режимі 1 мамырға дейін ұзартылды. Елорда, Алматы мен Шымкен қалаларында, сондай-ақ коронавирус өршіп тұрған аймақтардағы карантин мерзімі мамырға дейін созылды. Сондықтан, осындай қиын кезеңде асты мейлінше үйде әзірлеген жөн. Күнделікті қажетті заттарды да тапсырыс бермей, үйге жақын маңнан алған абзал. Мұның бәрі жеке бастың қауіпсіздігі үшін маңызды. Карантин талаптарын сақтап, ерекше қажеттілік туындамаған жағдайда үйден табылыңыздар!

stan.kz