Карантин кезінде Алматы мен Нұр-Сұлтанның экологиялық жағдайы жақсарды ма? — Қазақстан жаңалықтары

0

Нұр-Сұлтан мен Алматыда көліктердің азайғанына байланысты ауа жағдайы он есе жақсарды. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, соңғы екі айда тек республикада ғана емес, бүкіл әлемде экологтар осындай мониторинг жүргізіпті. Қазгидромет 20 наурыздан бастап Қазақстанда күнделікті талдау жүргізді.

«Алматыда жүргізілген талдау PM 2,5 — PM 10 бөлшектерінің концентрациясы қаланың төменгі бөлігінде жоғарылағанын көрсетеді. Ластану деректері ЖЭС, ЖЭС-2, ЖЭС-3-те байқалады. Атап айтқанда, азот оксиді, азот диоксидінің мөлшері өмендеген. Фенол концентрациясы өткен жылмен салыстырғанда алпыс есе төмендегенін көрсетеді», — деді вице-министр.

Сондай-ақ, елорда көліктерге тән ауаны ластайтын заттардың азаюын көрсетті. Алайда, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар жұмысын жалғастырғандықтан ЖЭС-тің қалдықтары ауада тіркелді.

Алматыда министрлік қазір әкімдікпен бірге жол картасын жасау үстінде. Соған сәйкес ЖЭС-2 және ЖЭС-3 газға ауыстырылады, немесе кәріз тазарту қондырғылары орнатылады. 

Сондай-ақ, Ахметжан Пірімқұлов коронавирус пандемиясына байланысты жаңа экологиялық кодексті қабылдауды кейінге қалдыруға ниетті емес екенін айтты.

stan.kz