Карантин кезінде Алматы мен Нұр-Сұлтанға ешқандай көлік кіргізілмейді — әкімдік өкілі — Қазақстан жаңалықтары

0

Карантин уақытында Алматы мен Нұр-Сұлтанға кімдер кіргізілетіні жайлы айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстан ұлттық арнасының «Ашық алаң» бағдарламасына сілтеме жасап. 

Шығыс Қазақстанда екі бозбала баллонмен сырғанаймын деп көліктің астына кіріп кетті

Жүргізушінің «Алматы мен Нұр-Сұлтанға сырттан жұмысқа қатынайтындар жетерлік, олардың қалаға кіруіне шектеу қойылады ма» деген сұрағына Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының бас маманы Азамат Рашитов жауап берді.

«Карантин кезінде қалаға азық-түлік транспорттары ғана кіріп шығатын болады. Басқа қалаларға қатынайтын автобустар да тоқтайды», — деді елордалық әкімдіктің өкілі. 

Еске салайық, бұған дейін Алматы мен Нұр-Сұлтанда карантин жарияланатыны жайлы айтылған еді. 



stan.kz