Канн фестивалінің жеңімпазы анықталды
Канн кинофестивалінің бас жүлдесі — «Алтын пальма бұтағын» — швед режиссері Рубен Эстлундтің «Треугольник печали» фильмі алды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі фестивальдің Twitter-парақасына сілтеме жасап.
«Треугольник печали» фильмі сәнді яхтада кеш жасап, апатқа ұшыраған байлар туралы. Аман қалғандар елсіз аралға тап болады. Сәнді модельдер мен миллионерлердің арасында қарапайым тазалаушы әйел болады, ол балық аулауды білетін жалғыз адам.
75-ші Канн фестивалінің лауреаттары 28 мамырда кешке жарияланды.
Гран-приді француз режиссері Клер Денидің «Звезды в полдень» картинасы және бельгиялық режиссер Лукас Донттың «Близко» фильмі алды.
Үздік режиссер — оңтүстік кореялық Пак Чхан Ук («Решение расстаться»).
Үздік актриса — ирандық Зар Амир-Эбрахими («Священный паук»).
Үздік ер ролі үшін жүлдені Оңтүстік Корея актері Сон Кан Хо («Посредник») алды.
Үздік сценарий үшін сыйлыққа швед Тарик Салех «Мальчик с небес» фильмі үшін ие болды.
«Алтын камера» жүлдесін Райли Кио мен Джина Гаммеллдің «Воинственный пони» картинасы алды.
Қазылар алқасының арнайы жүлдесін режиссерлер Феликс ван Гренинген мен Шарлотта Вандермеерш «Восемь гор» фильмі үшін және Ежи Сколимовский «Ео» картинасы үшін алды.
Фестивальдің мерейтойына орай құрметті жүлдені ағайынды Дарденннің «Тори и Локита» фильмі алды.
Еске салайық, 75-ші Канн кинофестивалі 2022 жылдың 17-28 мамыр аралығында өтті.