Канело су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға қолдау білдірді

0

Мексикалық кәсіпқой боксшы Сауль Канело Альварес су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға арнап желіде пікір білдірді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Канело су тасқынына байланысты Қазақстанға қолдау білдірді.

“Қазақстан халқы үшін дұғадамыз. Атырау мен Орал. Біз сіздермен біргеміз”, – деп жазды спортшы Instagram парақшасына.

Еске салайық, Головкин мен Канело үш рет кездесу өткізген. Бірінші жекпе-жек тең аяқталса, қалған екі жекпе-жекте мексикалық жеңіске жетті. Оның үстіне GGG-дің соңғы жеңілісі өткен жылдың күзінде болды.