Канело Головкинмен үшінші жекпе-жектен неліктен бас тартқанын түсіндірді

0
44

Спорт

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Мексикалық боксшы журналистерге берген сұхбатында Головкин үшінші рет кездесуге лайық емес дегенге келтірді

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек — Sputnik. Орта салмақтағы WBA (Super) тұжырымы бойынша әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жектен бас тарту туралы шешіміне түсініктеме берді.

Шолушы Крис Мэнникстің Twitter-дегі парақшасында Альвареспен сұхбаттан үзінді жарияланды.

​»Мен Головкинмен үшінші жекпе-жектен бас тартамын, өйткені оның маған көк тиынға керегі жоқ. Оны екі рет ұттым. Бірінші жекпе-жекте де, екіншісінде де жеңдім деп ойлаймын. Оның маған еш пайдасы болмаса, үшінші жекпе-жек не үшін керек? Қайдағы жоқ біреулермен жекпе-жек өткізіп жүр. Ол IBF титулын иеленген күннің өзінде, оны ешкім емес біреумен жұдырықтасып жеңіп алған болады», – деп мәлімдеді Канело.

Бұған дейін мексикалық боксшының промоутері Оскар Де Ла Хойя GGG мен Канелоның үшінші жекпе-жегі 2020 жылы өтеді деп мәлімдеген еді.

Саул Альварес пен Геннадий Головкиннің алдыңғы екі жекпе-жегі 2017 және 2018 жылдары өтті.

Алғашқысында боксшылар тең түстік. Екінші жекпе-жекте төрешілер жеңісті Канелоға берді.

Головикн 5 қазанда Нью-Йоркте украиналық Сергей Деревянченкомен жұдырықтасады. Боксшылар бұрын Альвареске тиесілі болған, қазір бос тұрған IBF белбеуіне таласады.



sputniknews.kz