«Канело» Джейкобсты жеңді – видео

0
762

12 раундқа созылған жекпе-жекті Геннадий Головкин де тамашалады

Лас-Вегаста мексикалық Сауль «Канело» Альварес (51-1-2, 34 КО) пен америкалық Дэниэл Джейкобс (35-2, 29 КО) жұдырықтасты, деп хабарлайды Sports.kz.

Головкиннің бұрынғы қарсыластары WBA Super, WBC және IBF чемпиондық титулдарына таласты.

Көптен күткен жекпе-жек 12 раундқа созылды.  «Канело» ұпай санымен жеңіске жетті.

Осылайша Альварес кәсіпқой бокстағы 52-ші жеңісіне қол жеткізсе, Джейкобс үшінші рет жеңіліс тапты.

Айта кетсек, T-Mobile Arena аренасында қос боксшының жекпе-жегін Геннадий Головкин де тамашалады.