«Канело» допинг-тестен өтпегені әшкере болды

0
Спорт

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Том Леффлер VADA «Канелоны» екінші жекпе-жектен кейін допинг-тестен өткізбегенін мәлімдеді

АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер мексикалық Сауль Альвареспен екінші жекпе-жектен кейінгі қызық жағдай туралы әңгімелеп берді, деп хабарлады  Sports.kz.

«VADA жекпе-жектен кейін Головкинді кездейсоқ тестен өткізді. Мен «Канелоны» да тестілеу жоспарда болғанына сенімдімін. Дегенмен келесі күні допинг-тестілеу кездейсоқ тоқтатылды. Алдымен жоспарланып, кейін тоқтатылғаны қызық болып тұр… «Канело» бұл кезде Мексикаға барып, ет жеп, өз «шешімін» тойлап үлгерген болса керек», — деп жазды Леффлер твиттерде.

Осы мәлімдемеден соң кейбір шетелдік баспасөздер мақала жариялап, «Канелоның» допинг-тестілеуден бас тартқанын сынға алды. Кейінірек  Леффлер Metro басылымына берген сұхбатында не айтқысы келгенін түсіндірді:  «Канело» соңғы тестілеуден бас тартты деген жоқпын, оны VADA тоқтатты. Бірақ бұл допинг-тестілеу тоқтатылған алғашқы жағдай».

Естеріңізге сала кетейік, Альварестің екі допинг-сынамасынан клинбутерол табылып, осы жылдың ақпаны мен тамызы аралығында – алты айға бокстан шеттетілген болатын, бірақ оның Головкинмен екінші кездесуі қыркүйек айында өтті. Екінші жекпе-жекте төрешілердің шешімімен «Канело» жеңіске жетті.