Канело – Бивол жекпе-жегінде сенсация болды

0
262

Мексикалық Сауль Канело Альварес (57-1-2, 39 KO) жеңіл салмақтағы WBA Super титулының иегері ресейлік Дмитрий Биволдан (19-0, 11 КО) жеңілді, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Боксшылар Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) T-Mobile аренасында өткен бокс кешінде жұдырықтасты.

Жекпе-жек 12 раундқа созылды. Соңында Бивол төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша жеңіске жетті.

Бұл Альварестің кәсіпқой бокстағы екінші жеңілісі. Бивол 20-рет жеңіске жетті және әлі жеңіліп көрмеген.