Канадада аптап ыстықтан қайтыс болғандар саны 130-ға жетті

Канаданың Британдық Колумбия провинциясы осымен төртінші күн аптап ыстықтың құрсауында тұр, деп хабарлайды ЭК.
ВВС агенттігінің жазуынша, аптап ыстықтың кесірінен Ванкувер қаласында 130 адам қайтыс болды. Көз жұмғандардың басым бөлігі — егде жастағы және созылмалы ауруы бар адамдар.
Синоптиктер провинцияда +38 — +40 градус деп болжағанымен, сырттағы термометр бағаны +49,5 градусты көрсеткен.
© AFP
Соңғы рет мұндай ыстық 1937 жылы Саскачеван провинциясында тіркелген екен.